«Қыз Жібек» қыздар ұйымының мүшелерімен «Қыз баланың жыныстық жетілуі және гигиенасы...» тақырыбында жиналыс өтті. » С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 30069
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз Жібек» қыздар ұйымының мүшелерімен «Қыз баланың жыныстық жетілуі және гигиенасы...» тақырыбында жиналыс өтті.
22
ноябрь
2023

«Қыз Жібек» қыздар ұйымының мүшелерімен «Қыз баланың жыныстық жетілуі және гигиенасы...» тақырыбында жиналыс өтті.



Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қыз Жібек» қыздар ұйымының мүшелерімен «Қыз баланың жыныстық жетілуі және гигиенасы...» тақырыбында жиналыс өтті. Мақсаты: Қыз бала денсаулығына қажетті арнайы гигиенасының маңыздылығы туралы және жыныстық жетілу туралы түсінік беру. Ерте жыныстық қатынастар және оның салдарын түсіндіре отырып қыз бала денссаулығына дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру. Жиналыс барысында қыздар ұйымының жетекшісі қыз бала денсаулығына қажетті арнайы гигиенасының маңыздылығы туралы айтып, пайдалы кеңестер беріп өтті. Мектеп медбикесі Жанысбаева Б. қыздарға «Қыз баланың жыныстық жетілуі туралы түсінік» тақырыбында таныстырылым жасап, жыныстың жетілуі дұрыс өтуі үшін бірнеше ережелерді орындау керектігін айтты. Сонымен қатар, ерте жыныстық қатынастар және оның салдары жайлы ақпараттармен таныстырылып, қыз балаларға абай болу керектігін және әр адамның өз өмірі өз қолдарында екендігін ескерте отырып, ақыл-кеңестер берілді.