"Даналық мектебі" клубының негізінде "Әже даналығы" жоспарын іске асыруда » С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 30069
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Даналық мектебі" клубының негізінде "Әже даналығы" жоспарын іске асыруда
30
январь
2024

"Даналық мектебі" клубының негізінде "Әже даналығы" жоспарын іске асыруда






"Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Даналық мектебі"  клубының негізінде "Әже даналығы"  жоспарын іске асыруда "Бесік жыры - бар тәлімнің бастауы" атты тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін дәріптеу. Отбасындағы алтын тіреу діңгегі –бала, баланы бесікке бөлеу, бесік жырының маңызын ұғындыру, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту; Ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу; Іс-шара барысында ауыл әжелері немерелеріне арнаған бесік жырларын айтып, бесік жырының бала тәрбиесіндегі маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар, заманауи бесік жырларын тыңдатып, бесік жырын тыңдап өскен баланың бейнесін ашу жаттығуы жасалды. Іс-шараға ата-аналар зор ынтамен қатысып, өз үлестерін қоса білді.