«Біз өмірді таңдаймыз!» дөңгелек үстел » С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 30069
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Біз өмірді таңдаймыз!» дөңгелек үстел
15
ноябрь
2023

«Біз өмірді таңдаймыз!» дөңгелек үстел

Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   «Қыз Жібек» қыздар ұйымының мүшелерімен кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушілік, нашақорлықтың алдын алу шаралары «Біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Жас жеткіншектеріміздің санасына нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру және қыздардың физиологиялық ерекшеліктері, мерзімінен ерте жыныстық жетілу, горманалды даму туралы ақпарат беру. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы туралы толық түсіндіру, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Қыз балаларға тәрбиеге дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру. Дөңгелек  үстел барысында қыздарға берілген тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылды. Қыздар ұйымының жетекшісі слайд арқылы кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқықбұзушылық туралы жаңа ақпараттармен таныстыра отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бейнеролик арқылы жыныстық тиіспеушілік туралы жағдаяттар көрсетіліп, талданды. Мектеп медбикесі Жанысбаева Б. қыздардың физиологиялық ерекшеліктері, мерзімінен ерте жыныстық жетілу, горманалды даму туралы ақпарат беріп, ақыл-кеңестер айтты. Ақпараттық парақшалар көмегімен нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтары мысалдармен дәлелденіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соңында қорытынды сөздер айтылып, кері байланыс жасалды.

Похожие публикации:

25 сентябрь 2023 Ата-аналар сағаты
13 декабрь 2022 Тәрбие сағаты