Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген іс-шарасы » С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 30069
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген іс-шарасы
13
ноябрь
2023

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген іс-шарасы




«Жетісу облыстық білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейiнгi шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналарды педагогикалық қолдау балалардың жас ерекшелігіне сай білім беру курстарының яғни бастауыш буынға арналған сабақтардың мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады. Осы орайда 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарымен Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу тақырыбында, мақсатқа сүйене отырып мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыра отырып міндеттерін негізге ала отырып ,ата-аналарды отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы орта құруға ынталандыру; Баланың мектепке бейімделуінің мәні мен ерекшеліктерімен таныстыру; Бастауыш сынып оқушыларының танымдық дағдыларының ерекшеліктерімен таныстыру;
Баланың танымдық дағдыларын дамыту үшін диагностиканы,тренингтерді, жаттығуларды практикада қолдану дағдыларын дамыту барысында ата-аналардың қатысуымен сабақ жүргізілді.1-4 сынып ата-налары арасында екінші жиын болғандықтан ата-аналар қызығушылықпен келіп қатысты. Жиынға «Алты қадам» әдісі арқылы кірді.Әр ата-ана өз бойындағы жақсы қасиеттерді айта отырып өз баласының бойына дарыса деген ниетпен.
БЕЙІМДЕЛУ – МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ БІРДЕЙ ҮШ КОМПОНЕНТТЕН ТҰРАТЫН КЕШЕНІН түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ата-аналарға осы баланың бейімделуі туралы үлестірме сұрақтары берілді.Әр ата-ана өз ойларын ортаға салды. "Бала бейімделуден қалай өтуі керек" бейнеролик көрсетілді. «Іс қимылды қайталаймыз» әдісі арқылы сергіту сәті жүргізілді.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОГНИТИВТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ тақырыбы аясында үлестірмелі материалдардағы сұрақтар арқылы әр ата-ана өз ойларын ортаға салды. «Іс қимылды қайталаймыз» әдісі арқылы сергіту сәті жүргізілді.. Сабақтың ата-аналарға қызықты әрі әсерлі болғандығын олардың белсенділіктерінен айқындауға болады. Сабақтың әр кезеңінде ата-аналарға мұғалім тарапынан кері байланыс беріліп отырды.