Соңғы қоңырау
«Соңғы қоңырау» мерекесінің өтілуі туралы мәлімет
«Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5- бабының 14- тармақшасына және «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 19- мамыр күнгі №380-Ө және «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 24 - мамыр күнгі №206 бұйрығы негізінде, 25- мамыр күні соңғы қоңырау мерекесі жоспарланып өтілді. Мерекеге сай безендендіру жұмыстары жүргізілді. Мектепте биылғы жылда мектеп бітіруші түлектер жоқ. Салтанатты жиынға ауданнан келген уәкіл аудандық ветеринарлық бөлімнің басшысы Жумабеков Саят Спандиярович қатысып, құттықтауын білдірді. Биылғы оқу жылында 19 оқу озаты бітіріп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар жоғарғы нәтижеге жеткен ұзтаздар марапатталды. Салтанатты жиында Мұқатай Еңіліктің орындауында әсем ән шырқалып, қыздар тобы биден шашу шашты. Қасымжан Аманжол мен Бейбітқызы Айзере соңғы қоңырау соғу салтанатын орындады.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнімен аяқталды.