Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау » С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 30069
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау
08
январь
2021

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау

«Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау мен бойынша

            2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді.08.01.2021 жылғы бұйрық №121  іске асыру аясында жұмыстар атқарылды.08.01.2021 жжылғы №122 бұйрықты іске асыруда  «ҚР Мемлекеттік Туын,Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрамы құрылып бекітілді .Комиссия құрамы 5 адамнан құрылған. Жарты жылдық  бойынша 6  акт жасалынып хаттамасы жазылды. Қоғамдық –саяси ахуалды зерделеу жөніндегі әлеуметтік зерттеулер шеңберінде халық арасында азаматтардың ҚР мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен қолданылу тәртібін білуі деңгейін айқындау мәселелері бойынша «Мемлекеттік Рәміздер тарихын білесің бе?» тақырыбында сауалнама жүргізілді.Сауалнамаға  96 оқушы қатысты 1-11 сыныптардан ,сауалнама қорытындысы бойынша тоқсан пайыз балалар жақсы жауап берді.Дұрыс жауап бермеген оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Мемлекеттік рәміздердің бейнелері бар билборд,баннерлер бар. «Ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын,Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 862 қаулысына сәйкес сынып жетекшілердің әдістемелік семинары өтілді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай «Рәміздер елдігімнің реңі,теңдігімнің тірегі» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып,онлайн түрде таныстырылым жасады. Тақырыптық көрме кітапханада ұйымдастырылған. Оқушылар арасында «Желбіре көк байрағым,көркей айғағым» патриоттық ән кеші ұйымдастырылып өтілді,онлайн түрде оған 9   оқушы қатысты,қорытындысы бойынша 1 орынды 8 сынып оқушысы Оңдабайұлы Алмас «Қазақстаным» әнімен ,2 орынды 9 сынып оқушысы Талғатқызы Ажар «Елбасы» әнімен ,3 орынды 7 сынып оқушысы Мұқатай Еңлік «Алға Қазақстан» әнімен иеленді. Дарқанова Алмира 8 сынып оқушыларымен «Ел рәміздері-ел рухы» тақырыбында өтілген эссе байқауына 8 оқушы қатысты ,ең үздік эссені Дюсетай Айсамал жазды,мақтау қағазымен марапатталды.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Көк тудың желбірегені» атты спорттық жарысқа 4-5-6 сынып оқушылары қатыстырылды.Жарыс 4 кезеңнен ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша 4 сынып оқушысы Құттыбек Еділ өзін өте белсенді көрсетті.Қыздар арасында секіргішпен секіруде 5 сынып оқушысы Маратқызы Іңкәр белсенділік танытты. Денені жерден көтеру сайысында 5 сынып оқушысы Мейрамбек Нұрсұлтан батылдық танытты. Шалқалап жатып денені көтеру сайысында жылдамдық танытқан 6 сынып оқушысы Әбділда Диана алға озды .Жарыс қызықты өтілді.Жыл бойына жоспарланған іс-шаралар қашықтықтан өтіліп ,жалғасады. « Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында балабақша тәрбиеленушілерімен патриоттық флешмоб өтілді. «Отан», «Қазақстан», «Мәңгілік Ел», «Менің елім» сөздеріне презентация көрсетілді. «Рәміздерім  елдігімнің белгісі» тақырыбында 5-11 – сыныптар арасында өтілген тәрбие сағатында ұлттық рәміздеріміз туралы презентациямен таныстырып өтті. Алтынбекова Н. «Рәміздерім - айбыным» өткізген тәрбие сағатында рәміздер туралы оқушылар өлең жолдарын айтып, рәміздердің авторларымен таныстырып өтті. Медетқызы Еркенұр, Саметқан Ясина, Нүсіпхан Інжулер тәрбие сағатында белсенділік танытты. 10- сынып оқушыларымен Асемова Гүлназ «Менің елімнің Рәміздері» интеллектуалды ойын өткізілді. Талғатқызы Ажар, Қасымжан Аманжол, Каримова Фатима, Ерғали Жұлдыз ойын барысында белсенділік танытып, сұрақтарға нақты жауап бере білді, ойын қызықты өткізілді. 27.08.2021 күні онлайн форматта  «Тәуелсіздік тұғыры – Ата заң»  тақырыбында оқушылармен акция ұйымдастырып өткізді. Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесімен қатар АтаЗаңның қолданысқа енгеніне 26 жыл. 1995 жылы 30 тамызда  бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған бұл құжат Тәуелсіз қазақ мемлекетінің заңдық негізі. Атап айтсақ осы уақыт ішінде Ата-Заң еліміздің күллі әлем алдындағы абыройын  асқақтатып, 100-ден астам ұлт пен ұлыс ірге тепкен ұлан-ғайыр қазақ даласында тұрақтылықпен татулықтың тал бесігіне айналғандығын айтып өтті.

«Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім

 бөлімі » мемлекеттік мекемесінің «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» тақырыбындағы айлық жоспарланып өтілді. 1-4 сынып оқушылары арасында «Рәміздерім-айбыным» тақырыбында Қозыбаева Шолпан өткізген тәрбие сағатын слайдпен бастады .Рәміздер  бойынша сұрақтар қойып оқушылар жақсы жауап бере білді.Әсет Жанасыл,Қанат Кәусар,Махмут Ерсіндер рәміздер туралы өлең жолдарын жақсы айта білді.Ясина,Кәусар,Амина,Әрсендер рәміздердің авторлары, рәміздердің белгілерін сипаттап жақсы айта білді. Абділданова Жанар 5-9 сынып оқушыларымен «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және оны құрметтеу» тақырыбында өткізген онлайн тәрбие сағатында презентациямен бастап рәміздердің шығу тарихымен таныстырып өтті.Рәміздердің мән-мағынасын ашып таныстырып өтті,оқушылар бейнежазба тамашалады. «Сен білесіңбе?» ақпараттар айтып өтті. «Кім шапшаң» сұрақ-жауап барысында Қасымжан Дария,Жорықбай Аяжан,Маратқызы Іңкәр шапшаңдық таныта білді.10 сынып оқушыларымен «Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым» тақырыбында өткізген тәрбие сағатында мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтып , тапсырманы толықтыру бойынша тапсырмалар берілді.Талғатқызы Ажар ,Каримова Фатималар жақсы жауап бере білді.1-4 сынып оқушыларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихымен бастауыш сынып мұғалімдері таныстырып өтті.Мектеп кітапханашысы «Мемлекеттік рәміздер туралы» ҚР Президентінің жарлығымен таныстырып өтті.Мектепте мемлекеттік рәміздерге арналған стендтер стандарт талаптарына сай ретке келтірілген ,жаңартылған. «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» сырттай шығарма байқауына 11 оқушы қатысты,оған 8-9 сынып оқушылары қатысты.Сырттай шығарма байқауының қорытындысы бойынша 1 орынды Боташқызы Жазира,Жорықбай Сабира -2 орынды, 8 сынып оқушысы Мұқатай Еңлік -3 орынды  иеленді.Байқаудың жеңімпаздары мақтау қағазымен марапатталды. «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу- азаматтық борыш» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты: ҚР Мемлекеттік рәміздерін жан-жақты түсіндіру арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру ,туған жеріне,еліне деген сүйіспеншілікке баулу.ҚР Мемлекеттік рәміздеріне зор құрмет шынайы сезім,ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында 2-10 сынып оқушыларынан сауалнама алынды,сауалнамаға 91 оқушы қатысты, сауалнама қорытындысы бойынша 11 оқушыда қателіктер болды, түзету және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Айлықты қорытындылау барысында Салкеева Шолпан «Мемлекеттік рәміздер –ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді.Тәуелсіз еліміздің рәміздері туралы презентациямен бастады,видеороликтен көрсетілім жасады.»Бір ауыз сөз» оқушылар бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін бір сөзбен айтып өтті. «Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми әдістемелік сайтында оқу әдістемелік материалы «Ел рәміздері-елдігімнің басты нышаны» тақырыбындағы матераиалы жарияланғандығы туралы сертификат берілді. Өтілген іс-шаралар туралы әлеуметтік желіге жүктелінді. https://www.instagram.com/p/CVSgwQrMkucqDDiLcqR0T9U2imNXO-JjWW2uC00/?utm_=copy_link

Алакөл ауданы бойынша білім

бөлімі » мемлекеттік мекемесінің «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 15.09.2021  68 бұйрығын іске асыру аясында «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» тақырыбындағы айлық барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында 2-10 сынып оқушыларынан сауалнама алынды,сауалнамаға 91 оқушы қатысты, сауалнама қорытындысы бойынша 11 оқушыда қателіктер болды, түзету және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туды жою туралы 8 АКТ жасалынып, хаттамасы жазылды. Жыл бойына жоспарланған іс – шаралар жоспар негізінде өтілді.  Өтілген іс – шаралар бойынша әлеуметтік желіге жүктелінді.